
2026 жылдың 22 қыркүйек күні мектеп басшысының бұйрығымен бекітілген бракераждық комиссия мектеп асханасының жұмысын, дайын тағамдардың сапасын, ас мәзіріне сәйкестігін және санитарлық жағдайын тексерді.
Тексеру барысында:
- дайын тағамдардың сапасы қанағаттанарлық;
- тағамдар бекітілген күнделікті мәзірге сәйкес дайындалған;
- тағамдардың сыртқы түрі, түсі, иісі, дәмі және консистенциясы талапқа сай;
- тағамдардың шығымы белгіленген мөлшерге сәйкес;
- өнімдердің сақталу мерзімі мен сақтау жағдайы сақталған;
- ас дайындау технологиясы сақталған;
- асхана қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау жағдайы қанағаттанарлық;
- асханадағы тазалық пен ыдыс-аяқтардың санитарлық жағдайы талапқа сай;
- бракераж журналы және қажетті бақылау құжаттары жүргізілетіндігіне көз жеткізді.
Бракераждық комиссияның тексеру нәтижесі бойынша мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланды. Дайын тағамдардың сапасы белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
